Part1

10 0 0
                                    

Асқазан ішек-қарын жолдарын рентген арқылы зерттегенде рентген айқындауыш ретінде қолданылатын зат: ✔️BaSO4

🔻Альдегидтердің молекулалық массалары өсуімен бірге: ✔️Суда ерігіштігі кемиді

🔻Графит пен алмаз бір элемент атомы-көміртектен тұратынын дәлелдейтін әдіс: ✔️Екі затты жаққанда CO2 түзілуі

🔻Детонация дегеніміз: ✔️Бензиннің қопарылыс беріп жануы

🔻Каучукты вулканизациялау кезінде алынатын эластикалық материал: ✔️Резеңке

🔻Тоңазытқыштағы жағымсыз иістерді жою үшін ішіне ағаш көмірдің кесектерін салып қояды.Көмірдің қолданылатын қасиеті: ✔️Адсорбция

🔻Түсті шыны алу үшін бастапқы шихтаға кобальт (II), марганец (II) , темір (II) және хром (III) оксидтерін қосады.Мол.массасы 152 болатын оксид шыныға түс береді : ✔️Жасыл

🔻Талшықтар мен целлофан дайындау үшін целлюлозадан алынатын қоймалжың зат: ✔️Вискоза

🔻Температураны жоғарылатқанда тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі: ✔️Жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады

🔻Тіршілік пен ақыл-ой элементі: ✔️Фосфор

🔻Гимнастикалық снарядтан ұшып кетуден сақтану үшін спортшы алақанына жағатын ұнтақ: ✔️Магнезия

🔻Пластмассалар құрамына кірмейтін зат: ✔️Еріткіштер

🔻Фосфорсыз өсімдіктерде хлорофилл түзілмейді, көмірқышқыл газын сіңірмейді.Сондықтан топыраққа ерімтал фосфор тұзын қосады.Ол тұз: ✔️Ca(H2PO4)2

🔻Химиялық синтез арқылы және өсімдіктерден алынатын жоғарғы молекулалы полимер: ✔️Каучук

ХимияWhere stories live. Discover now