1200 жыл еді. Бүгін қыпшақ даласында өте қуанышты хабар келді. Қыпшақ ханы Жолбарыс ханның отбасысында бір бала туылыпты. Есімін Басаман қойған деседі. Баланың шекесі торсықтай, денесі ірі екен. Би-ақсақалдар оны болашақ батыр болады деп болжапты.
1206 жыл болды. Басаман ақылды әрі мықты болып өсті. Жолбарыс хан оны Әнет бидің қолына-нағыз даланың баһадүрін жасау үшін берген еді. Бұл қадам-баланың болашағы үшін нақты әрі дұрыс қадам болды.
Әнет бимен бірге Басаманды Батақ аңшы тәрбиелеп жүр. Ол Басаманды әзірге дала заңына үйретіп жүр. Дәл осы сәтте Дешті Қыпшақ даласына суыт хабар келді. Моңғолдар әскер жинап, соғыс ашпақшы екен.Қыпшақ халқының көптеген ер жігіттері соғысқа әзірленіп жатты. Әсіресе Жолбарыс хан соғысқа әскерді тыңғылықты дайындады.
Автордан: Достар менің кітабымды оқып жатқандарыңызға көп рахмет! Бұл шын болған тарихи оқиға. Ешқандай да ойдан шығарылмаған.